Әлемде электромобильдер индустриясының даму қарқыны жеделдей түсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 2 маусым

2 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Халықаралық энергетикалық агенттік «электромобильдердің 2023 жылға арналған жаһандық даму болжамы» есебін жариялады. Есепке сәйкес, таза электрлік және гибридті модельдерді қоса алғанда, электромобильдердің әлемдік сатылымы 2022 жылы 10 миллионнан асқан, Ал биыл тағы 35%-ға өсіп, 14 миллионға жетеді деп күтілуде. Бұл көрсеткіш бүкіл автомобиль нарығындағы электромобильдердің әлемдік үлесі 2020 жылғы 5%-дан 2022 жылы 14%-ға дейін ұлғайып, биыл 18%-ға дейін өсетіндігін білдіреді.

Соңғы жылдары әр елдің жүргізген тиімді саясаты мен қолдауының арқасында әлемдік электромобильдер нарығы қарқынды дамып келеді. Әсіресе Қытайдың электромобильдерінің өнімділігі айтарлықтай. Электромобиль индустриясының жедел дамуы автомобиль өнеркәсібіне бетбұрысты өзгерістер әкеліп қана қоймай, көлік саласының төмен көміртектілігіне де ықпал етеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото