Қытайда толық уақытты мұғалімдердің жалпы саны 18,8 миллионнан асады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 2 маусым

2 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында тілші Білім министрлігінен елімізде 2022 жылдың соңына қарай 18,804 миллион толық уақытты мұғалім жұмыс істейтінін, 2017 жылмен салыстырғанда олардың саны 2,535 миллионға өскенін анықтады. Бұл әлемдегі ең үлкен білім беру жүйесін қолдап, білім беру сапасын арттырудың сенімді базалық кепілдігін қамтамасыз етеді.

Бастауыш білім беру мұғалімдерінің қатары толықты. Жаңа дәуірде негізгі білім беру саласындағы оқытушылар құрамын нығайту жоспарына сәйкес, бүкіл ел бойынша 225 педагогикалық ЖОО-да және 565 педагогикалық емес ЖОО-да мұғалімдерді үйлестірілген даярлау шаралары жүзеге асырылды, Нәтижесінде негізгі білім беру санатындағы мұғалімдердің қамтамасыз етілуі тұрақталды. Балабақшаларда, бастауыш мектептерде, орта және жоғары сыныптарда, арнайы оқу орындары мен мамандандырылған мектеп-интернаттарда толық жұмыс істейтін мұғалімдер штаты 2017 жылы 13,762 млн-нан 2022 жылы 16,107 млн-ға дейін өсті. Яғни педагогтар қатары 2,345 млн-ға ұлғайды.

Бакалавриат кәсіптік мектептерінде, жоғары кәсіптік және орта кәсіптік оқу орындарында толық уақытты оқытушылар құрамы 2017 жылы 1,322 миллионнан 2022 жылы 1,366 миллионға дейін өсіп, 44000 жаңа құраммен толықты.

Жоғары білім беру саласындағы жаңашыл оқытушылар тобы одан әрі жетілдірілді. Қатардағы ЖОО-да және ересектерге арналған жоғары оқу орындарында толық уақытты оқытушылар құрамы 2017 жылы 1,185 миллионнан 2022 жылы 1,331 миллионға дейін өсіп, 146 000 жаңа оқытушы қосылды. Осы әлеуетті құрам жоғары білім беруді дамытуға және жас таланттардың өсуі мен инновациялық орталықтардың кемелденуіне қызмет етеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото