Құрлық көлігімен жіберілген өзбек шиесінің алғашқы тобы Шыңжаңға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 2 маусым
Құрлық көлігімен жіберілген өзбек шиесінің алғашқы тобы Шыңжаңға жетті

2 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 31 мамырда Өзбекстанның шиесі тиелген жүк көлігі елімізге Иркештам порты арқылы келді. Бұл 2020 жылдан бері Шыңжаң портынан құрлық көлігі арқылы кірген өзбек шиелерінің алғашқы тобы.

Шие жалпы салмағы 22,99 тонна болатын 3 816 қорапқа салынған. Олар Өзбекстанның Ферғана қаласынан тиеліп, тұрақты температуралы авторефрижераторлармен тасымалданып, елге Қырғызстаннан өтіп, Иркештам порты арқылы кірді.

Жауапты тұлғаның айтуынша, келесі айда жеміс-жидек қоймасында импорттың ең жоғары кезеңі басталады. 400-500 тонна импортталған шие қоймаға кіреді деп жоспарланып отыр. Бұл шиенің бір бөлігі Шыңжаңдағы жергілікті базарға, ал бір бөлігі еліміздің басқа өлке, регион және қалаларына әуе көлігімен жіберіледі.

Қытай-Орталық Азия саммитінің нәтижелерінің іске асуымен Орталық Азия елдерінен Қытайға жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдері мен ілеспе тауарларға экспорттық сұраныс көбейді. Соңғы жылдары біздің еліміздегі нарықтық сұраныстың кеңеюімен Орталық Азия елдерінің жемістерді біздің елге импорттауға ниеттене түсті. Бүгінгі таңда Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Пәкістан сияқты Орталық және Оңтүстік Азияның төрт елі шиелеріне Қытайға кіру рұқсатын берді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото