Қазақстанда Аналар және Әкелер күні деген қос мереке пайда болды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 5 маусым

Енді Қазақстанда екі мейрам – Аналар және Әкелер күні мерекесі бөлек-бөлек аталып өтеді. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта көрсетілгендей, Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісінде, ал Әкелер күні маусымның үшінші жексенбісінде мерекеленеді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, аталған мерекелік күндерді бекіту Қазақстандағы отбасы институтын нығайтуға ықпал етпек.

«Мерекелік күндердің тізбесіне «Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекелерін енгізу Қазақстандағы отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етеді. Мұндай мереке көптеген әлем елдерінде бар»,- делінген ҚР министрлігінің Telegram арнасында жарияланған хабарламасында.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото