Өткен жылы ғылыми фантастика индустриясының жалпы кірісі 87 миллиард юаньнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 маусым

6 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың ғылыми-фантастикалық зерттеу орталығы мен Оңтүстік ғылым және технологиялар университетінің ғылым және адам әлеуетін зерттеу орталығы бірлесіп құрастырған «Қытайдың ғылыми-фантастикалық индустриясының 2023 жылғы есебі» жарық көрді. Есеп көрсеткендей, 2022 жылы Қытайдың ғылыми-фантастикалық индустриясының жалпы кірісі 87,75 миллиард юаньды құрап, жалпы даму үрдісі тұрақты және нәтижелі беталысты көрсеткен.

Есептерге сәйкес, 2022 жылы Қытайдың ғылыми фантастика индустриясы ғылыми фантастиканы оқу, ғылыми-фантастикалық кино-фильм, ғылыми-фантастикалық ойын, ғылыми-фантастикалық туындылар, ғылыми-фантастикалық мәдени туризм сияқты типтік форматтағы бес негізгі секторға бағытталған. Тұтастай алғанда, Қытайдың ғылыми-фантастикалық индустриясы мүмкіндіктердің алтын кезеңіне жетті.

Ғылыми фантастикалық оқу секторында сала индустриясының жалпы кірісі 2022 жылы 3,04 миллиард юаньды құрады. Бұл өткен бір жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6% - ға артып, жалпы өсу қарқыны ұлғайды. Балаларға арналған ғылыми-фантастикалық кітаптардың саны артты. Цифрлық оқудан түскен табыс алғаш рет тікелей оқудан түскен табыстан асып түсті. Ғылыми фантастика индустриясының үш негізгі түрі - тікелей (қағаз түрінде) оқу, цифрлық оқу және аудио оқу нарықтарының құрылымы теңестірілді.

Ғылыми-фантастикалық фильмдер мен теледидарлар секторында ғылыми-фантастикалық фильмдер мен теледидарлар индустриясының жалпы кірісі (кинофильмдер, онлайн фильмдер) 2022 жылы 8,35 миллиард юаньды құрап, өткен бір жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,1%-ға артқан. Кинотеатрлардағы ғылыми-фантастикалық фильмдердің кассалары тұрақты өсімге қол жеткізді. Ғылыми-фантастикалық тақырыптағы онлайн фильмдердің үлесі артып, ғылыми-фантастикалық мини-фильм ғылыми-фантастикалық кино және теледидар индустриясының жаңа өсу нүктесіне айналды. Ғылыми-фантастикалық фильмдер бойынша 21 кино ұсынылды. Олардың ішінде 10 отандық ғылыми-фантастикалық фильм бар. Ал кассалар жыл бойы ғылыми-фантастикалық фильмдердің жалпы кассаларының 67%-ын құрап, сала өнімділігі одан әрі артты. Жылдың ең үздік 10 кассасының ішінде 4 ғылыми-фантастикалық фильм бар. «Айда жалғыз серуендеу» 2022 жылғы кассада 3,1 миллиард юань жинап, екінші орынға ие болды.

Ғылыми фантастикалық туынды құралдар секторында ғылыми фантастикалық туынды құралдар индустриясының жалпы кірісі 2022 жылы 4,83 миллиард юаньды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,4%-ға аз. Олардың ішінде туынды брендтерді лицензиялаудан түскен табыс 310 миллион юаньды, ал туынды құралдар мен басқа да қызмет түрлерінен түскен табыс 4,52 миллиард юаньды құрады.

Ғылыми-фантастикалық мәдени туризм секторында мәдени туризм индустриясының жалпы кірісі 2022 жылы 15,03 миллиард юаньды құрады. Тақырыптық саябақтардағы ғылыми-фантастикалық ойын-сауық жобалары негізгі үлесті иемденді. Отандық ғылыми-фантастикалық әзірлемелерді негіз ретінде пайдаланып салынған ғылыми-фантастикалық тақырыптық саябақтар өсудің жаңа нүктесіне айналады деп күтілуде.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото