Қытайдың автомобиль экспорты автомобиль тасымалдау өнеркәсібінің дамуын ынталандырады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 маусым

7 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Биылдың бірінші тоқсанында Қытай 1,07 миллион автомобиль экспорттап, Жапонияны бірінші рет басып озды. Осылайша әлемдегі ең ірі автомобиль экспорттаушы елге айналды.

Автокөлік экспортының айтарлықтай өсуі халықаралық автомобиль тасымалдаушыларына сұранысты арттырды. Осының ықпалымен кеме компаниялары мен автомобиль концерндері кемелерге тапсырысты көбейтті. Бұрын бірде-бір отандық кеме жасау зауыты ірі типті «ро-ро» автомобиль тасымалдау кемелерін жасаған емес, бірақ қазір қытайлық кеме жасау компаниялары сирек кездесетін нарықтық мүмкіндіктерді пайдаланып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Өткен жылғы автокөлік тасымалдауға арналған 74 жаһандық тапсырыстың 88,4%-ын Қытай орындады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото