Алғашқы бес айда Қытайдың сыртқы саудасындағы импорт пен экспорт көлемі 4,7%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 маусым

8 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 7 маусым күні Қытай Бас кеден басқармасы жариялаған деректер алғашқы бес айда Қытайдың импорты мен экспортының жалпы құны 16,77 трлн юаньды құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 4,7%-ға өскенін көрсетті. Олардың ішінде экспорт 9,62 трлн юаньды құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 8,1%-ға артты. Импорт 7,15 трлн юаньды құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 0,5%-ға жоғарлады.

Алғашқы бес айда АСЕАН Қытайдың ең ірі сауда серіктесі ретінде өз орнын сақтап қалды. Екі тарап арасындағы сауданың жалпы көлемі 2,59 трлн юаньды құрап, 9,9%-ға өсті, бұл Қытайдың жалпы сыртқы саудасының 15,4%-ын құрайды. Олардың ішінде АСЕАН елдеріне экспорт 1,56 трлн юаньды құрап, 16,4%-ға өсті. Сол кезеңде Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бойында орналасқан елдерге импорты мен экспортының жалпы көлемі 5,78 трлн юаньды құрап, 13,2% артты. Сонымен қатар өнімнің «жаңа үш тауар» - электрлік басқарылатын көліктер, литий батареялары және күн батареялары айқын артықшылықтар мен тартымды өнімділікке ие болып, олардың ішінде электр көлік экспорты 266,78 миллиард юаньды құрап, 124,1%-ға артты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото