- Барлық ақпарат
Әлемде «Қытай жазуына махаббат» атты 2023 жылғы халықаралық байқау конференциясы басталды
(Алдын ала байқауға кіру)
12 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жыл «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығына тура келді. Жібек жолының «Бейбіт ынтымақтастық, ашықтық пен кеңдік, өзара өнеге алу, өзара пайда жеткізіп, тең ұтысқа жету» рухы адамзаттың ортақ қазынасына айналды. Қытай Халықтық Шетелдермен достық қауымдастығы ұйымдастырып, онлайн «Халық Газеті»(People's Daily Online)өткізетін «Қытай жазуына махаббат» атты 2023 жылғы халықаралық байқау конференциясы әлем бойынша 2023 жылдың 12 маусымында басталды. «Отан» тақырыбына арналған конференция әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларды әр тараптың өркениеттері алмасу, өзара өнеге алу, өзара түсіну және интеграция туралы пікірлесіп, жарасымды әлем құру туралы ортақ армандарын бірге жеткізуге шақырады. Біз Қытай жазуына махаббатпен басталған халықаралық алмасу іс-шарасына жол тартайық!
【Қатысушылар】
(1)Қытайда жұмыс істейтін, тұратын немесе оқитын шетелдіктер. Олардың өзінің және ата-аналарының ана тілі Қытай тілі болмауы тиіс. Ал олардың ішінде шетелге қоныс аударған Қытайлықтардың ұрпағы болса, үш ұрпақтан астам иммиграция болуы керек.
(2) Шетелдік ана тілі қытай тілі еместер.
Ескерту: Бұрын өткен «Қытай жазуына махаббат» атты халықаралық байқау конференциясының жеңімпаздары бұл жолғы жартылай жеңіспен финалға қатыспайды.
【Байқау форматы】
Биылғы байқау конференциясы онлайн және офлайн түрінде өтеді. Алдын ала байқау мен жартылай финал онлайн, ал шешуші финал офлайн өтеді.
【Жарыс барысы】
Алдын ала онлайн байқау: маусым айында ұйымдастырылады.
Алдын ала байқау екі бөлімнен тұрады:
(1) Онлайн жауап беретін сұрақтар. Бір реттік жауап аяқталғаннан кейін, қолмен жазатын арнайы жасалған бетке өтіп, өзіне ең ұнайтын қытай сөзінің бірін жазады. Постер суреті шыққанда, үміткер сол постерді WeChat-тағы достық шеңберіне салады.
(2) Жарысқа қатысушылар өзін таныстырған 1 минуттық бейнені тапсырады.
Айрықша ескерту: 12 шілдеге дейін, «1 минуттық бейнені» және қолмен жазған қытай сөзі жазылған постерді сұраққа жауап бергенде қолданған «аты-жөні мен ұялы телефон нөмірін» хаттың тақырыбы етіп, hanzi@people.cn хат сандығына жолдайды. (Бейне талаптары: MP4 пішімі, 1080p ажыратымдылығы, көлденең экраннан түсіру. Ұзақтығы 1 минуттан аспауы керек. Қытай жазуына деген ықыласымен және қытай жазуы туралы хикаяларымен бөліседі)
Екі бөлім нәтижелері біріктіріліп, жартылай финалға 40 ойыншы таңдалады.
Онлайн жартылай финал: шілдеден тамыз айының басына дейін өткізіледі.
Онлайн бейнеде диалог формасын қолдана отырып, жартылай финалдың жеңімпаздары топқа бөлініп сөз сөйлейді. Сол арқылы олардың тез арада сөз сөйлеу қабілеттері мен шешендігі сыналады. Сарапшы төрешілердің бағалауымен финалға шыққан 10 үміткер таңдалады.
Сонымен қатар, биылғы халықаралық байқау конференциясында жартылай финалға қатысушылар Қытайдағы өмірі мен бұндағы әсерлері туралы өздерінің ана тілінде жазылған қысқа бейнелер ұсынады. Оларды онлайн «Халық Газетінің» көп тілді онлайн платформасы таңдап, жариялайды.
Офлайн финал: тамыздың аяғынан қыркүйекке дейін өткізіледі.
Финалистер 7 минуттық бағдарламалық сөз сөйлейді. Сарапшылар оларды оқиғаның маңыздылығына, сахнадағы бейнесіне, қытай тілінде сөйлеу қабілетіне және мәдениетті өзара меңгеру деңгейлеріне қарай бағалайды. Сондай-ақ рейтингтер мен марапаттарды белгілейді.
【Марапаттар】
Финалда 1 бас жүлде;
2 бірінші дәрежелі жүлде;
3 екінші дәрежелі жүлде;
4 үшінші дәрежелі жүлде;
Шетелдік бөлімше жарыстары үшін арнайы «Чемпион» сыйлығы бар.
Әрбір жеңімпаз ойыншы сертификат, финалдық кәдесый және 10 000 юаньға дейін сыйлық алады.
Кодты сканерлеп, сұраққа жауап беретін бетке өтіңіз.
people.cn © People's Daily Online