- Барлық ақпарат
«Си Цзиньпин ел басқару жөнінде» кітабының төртінші томы бірнеше тілде жарық көрді
12 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- «Си Цзиньпин ел басқару жөнінде» кітабының төртінші томы француз, орыс, араб, испан, португал, неміс, жапон және дәстүрлі қытай тілдерінде 8 басылыммен жарық көрді. Жақында шет тілі баспасы арқылы шығарылып, ел ішінде және шетелде таратылады.
«Си Цзиньпин ел басқару жөнінде» кітабының төртінші томын Орталық үгіт-насихат басқармасы (Мемлекеттік Кеңестің Ақпараттық Бюросы) Орталық Партия тарихы және әдебиет ғылыми-зерттеу институтымен және Қытай Шет тілдері мекемесімен бірлесіп редакциялады. Онда 2020 жылдың 3 ақпаны мен 2022 жылдың 10 мамыры аралығында Төраға Си Цзиньпиннің 109 маңызды баяндамасы, тезистері, сөйлеген сөздері, нұсқаулары мен құттықтау хаттары бар. Сонымен бірге Төраға Си Цзиньпиннің 2020 жылдың қаңтарынан бері түсірілген 45 фотосуреті де енгізілді. Кітап 21 тақырыпқа бөлінген. Онда Төраға Си Цзиньпин бастаған партияның Орталық Комитеті ғасырлық өзгерістер мен ғасырлық індетке тап болған күрделі жағдайда, әлемде және тарихта сирек кездесетін тәуекелдер мен қиындықтарда ел іші мен халықаралық жағдайларды үйлестіріп, індеттен қорғану мен экономикалық-әлеуметтік дамуды сәйкестіріп, даму мен қауіпсіздікті қатар қолдап, елдегі барлық этникалық топ пен бүкіл халықты жан-жақты дәулетті қоғам құруға жетелегені, заманауи социалистік елді жан-жақты құрудың жаңа сапары бастағаны толық бейнеленген. Марксизмді қытайландырудың ең жаңа жетістіктерін толығымен көрсетті. ҚКП-ның тағдыры ортақ адамзат қауымдастығын құруға және көркем әлем жасауға бағытталған жаңа үлестерін айқындады. Си Цзиньпиннің жаңа дәуірдегі қытайлық ерекшелігі бар Социалистік ой-пікірін жан-жақты және жүйелі түрде бейнелеп, жаңа көкжиек, жаңа серпілісті пайымдаған беделді туынды.
2022 жылдың шілдесінде «Си Цзиньпин ел басқару жөнінде» кітабының төртінші томы қытай және ағылшын тілдерінде шыққаннан бері ел ішінде және шетелде жақсы пікірлерге ие болды. «Си Цзиньпин ел басқару жөнінде» кітабының төртінші томының көптілді басылымның жариялануы мен таралуы халықаралық қауымдастыққа Си Цзиньпиннің жаңа дәуірдегі қытайлық ерекшелігі бар Социалистік ойындағы соңғы жаңалықтардан хабардар етуге, Қытай Коммунистік партиясының неліктен жетістікке жеткені туралы түсінікті тереңдетуге, Қытайдың болашақта қалай өркендей алатыны туралы танымды байытуға, сонымен қатар Қытай жолын, Қытай басқаруын, Қытай тұжырымын тануға берері мол, мәні аса маңызды.
people.cn © People's Daily Online