- Барлық ақпарат
Шыңжаңдағы он мыңдаған түйелер «жаздық шапандарын» киді
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 12 маусым
12 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- жақында ауа райының жылуына байланысты, Шыңжаңның Ақсу аймағы Келпын ауданындағы 36300 түйе «жаздық шапандарын» киді. Мол өнім алудан үміттенген шопандар, түйе жүнін қырқып, жинаумен және түйелерге жеңіл «жаздық шапандарын» кигізумен айналысты.
Қазіргі уақытта Ақсу аймағының Келпын ауданындағы түйелер саны 36 мыңнан асады. Әдетте, ересек түйеден 2-3 кг жүн түседі. Ал түйе жүнінің әрбір килограмы 50 юань шамасында. Шыңжаңның Ақсу аймағы Келпын ауданының табиғи шалғыны мол, түлікті бағуға қолайлы ортасы бар. Түйе бағу малшылардың кірісін арттырудың тағы бір оңтайлы кәсібіне айналды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online