Өрт алаңы айтарлықтай қысқарды - Абай облысының әкімі

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 14 маусым

ҚР Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдегі өрт алаңы айтарлықтай қысқарғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өртті сөндіру бойынша жұмыс тәулік бойы негізінен екі бағытта – Жерновка, Шүлбі және Каштак ауылы аумағында жүргізіледі.

Табиғи өртті сөндіруге атсалысқан барлық күштердің арқасында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді.

«Соңғы күндері өрттің көлемі айтарлықтай азайғанын, өртті сөндіру жұмыстары тұрақты бақылауда екенін айту керек», - деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Еске салайық, 8 маусым күні Қазақстанның Абай облысы Семей орманында өрт кеткен. Тұтанған «Семей» орманы резерватындағы өртпен күреске жұмылдырылған 14 орманшы қаза болған. Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, өрт 2 рет түскен найзағайдан тұтанған.

12 маусым Қазақстанда Аза тұту күні болып жарияланды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото