Билл Гейтс Бейжіңге келеді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 15 маусым

15 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің уақыты бойынша 14 маусым күні Билл мен Мелинда Гейтс қорының тең төрағасы және директоры, Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс әлеуметтік желіде Бейжіңге жеткенін жариялады.

Ол 2019 жылдан бері Бейжіңге бірінші рет келгенін және Гейтс Қорымен бірге жаһандық денсаулық пен даму мәселелерін шешу үшін бірге жұмыс істейтін серіктестерімен кездесуге қуанышты екенін айтты.

Билл Гейтс сонымен қатар климаттың өзгеруі, денсаулық сақтау саласындағы теңсіздік және азық-түлік қауіпсіздігі сияқты мәселелерді шешу инновацияны қажет ететінін айтты. Қытай безгекке қарсы дәрі - дәрмектерді әзірлеуден бастап климаттың өзгеруіне бейімделуге инвестиция салуға дейін үлкен тәжірибеге ие. «Біз әлемдегі көптеген адамдар үшін осындай прогресті бастауымыз керек», - деп жазды ол.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото