2023 жылдың жазғы тасымалында тәулігіне 1,95 миллионға жуық жолаушы әуе арқылы қатынайды деп күтілуде

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 16 маусым

16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 16 маусымда Қытайдың азаматтық авиация басқармасы кезекті баспасөз мәслихатын өткізді. Азаматтық авиация әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты тұлғасы 2023 жылғы жазғы тасымал індеттің алдын алу және тізгіндеу шаралары жеңілдетілгеннен кейінгі алғашқы жазғы тасымал екенін атап өтті. Жолаушылардың көпшілігі қарқынды саяхаттайды және туризм мен демалыс, туған-туысқандарына сапарлауға сұраныс жоғары болады. Жазғы тасымал кезінде күн сайын 1,95 миллионға жуық жолаушы әуе көлігін таңдайды деп күтілуде. Орташа есеппен күніне 16500 рейске кепілдік беріледі. Бұл көрсеткіштер эпидемияға дейінгі кезеңге оралғанын жеткізді.

Жауапты тұлғаның айтуынша, танымал ішкі авиациялық маршруттар бойынша тасымалдау нарығы биылғы жазғы тасымал кезінде орташа есеппен күніне 13 600 ішкі жолаушылар рейсіне және 1,83 миллион ішкі жолаушыларды тасымалдауға кепілдік береді деп күтілуде. Бұл эпидемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 11% және 7%-ға өсті.

Халықаралық әуе тасымалы нарығына келетін болсақ, азаматтық авиация әкімшілігі халықаралық жолаушылар рейстерін тұрақты қалпына келтіруді жалғастыруда. 5-11 маусым аралығында халықаралық жолаушылар рейстерінің нақты саны 61 елге қызмет көрсететін 5822 рейске жетті. Жазғы тасымал кезінде халықаралық жолаушылар рейстері аптасына 6000-нан астамға дейін өседі деп күтілуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото