- Барлық ақпарат
Ли Цян Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті
20 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 19 маусымда таңертең ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьер-министрі Ли Цян Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен Берлиндегі Президент сарайында кездесті.
Ли Цян алдымен Президент Штайнмайерге ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ықыласты сәлемін жеткізді. Ли Цян өткен жылы Қытай мен Германия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 50 жыл толғанын атап өтті. «Төраға Си Цзиньпин мен Президент мырза екіжақты қарым-қатынастардың оң және тұрақты дамуына стратегиялық басшылық мақсатында құттықтау хабарламаларымен алмасып, телефон арқылы сөйлесті. Қытай мемлекеті әрқашан Қытай-Герман қатынастарына үлкен мән береді. Бұл жолы менің Германияға келуім және Премьер-Министр Шульцпен бірге жетінші Қытай-Германия үкіметтік консультацияларының төрағасы болуымдағы мақсат ― екі мемлекет басшыларының консенсусын іске асыру, сенімді нығайтуды жалғастыру, екіжақты ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалану. Сол сияқты Қытай-Германия жан-жақты стратегиялық серіктестігінің маңызын тереңдету, екі елдің дамуына, әлемдік экономиканың жандануына ықпал ету»,-деді ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьер-министрі.
Ли Цян Қытай мен Германия арасында түбегейлі мүдделер қақтығысы жоқ екенін, ынтымақтастықтың іргетасы берік және даму серпіні күшті екенін атап өтті. «Біз Қытай-Герман ынтымақтастығының болашағына сенімдіміз. Қытай тарапы үнемі ашық ынтымақтастықты қолдайды және ең үлкен қауіп - ынтымақтастықтан бас тарту, ал ең үлкен қатер - дамудың тежелуі деп санайды. Қытай Германиямен бір ниетте болып дамудың бейбіт ынтымақтастығын сақтап, жаһандық тұрақтылық пен өркендеуді қамтамасыз етуде сындарлы рөл атқаруға, қайшылыққа толы әлемде барынша сенімділікті қамтамасыз етуге дайын. Қытайдың дамуы-әлемнің дамуына оң үлес қосады және барлық елдер үшін маңызды мүмкіндік болып саналады».
Штайнмайер Ли Цяннан Төраға Си Цзиньпинге шынайы сәлемін жеткізуді өтінді және Германия Қытайдың сенімді серіктесі болу, сауда еркіндігін бірлесіп қолдау және климаттың өзгеруі сияқты мәселелерді бірге шешуге дайын екенін мәлімдеді.
«Германия жеке-дара бөлінуге және топ құрып қарсыласуға қарсы. Қытаймен байланысты нығайтуға, бүкіл әлемде бейбітшілік пен дамуды ілгерілету үшін бірлесіп күш салуға ниетті»,-деді Германия Президенті.
Кездесуде қос тарап Украина дағдарысы сияқты халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасты.
people.cn © People's Daily Online