Қазақстанда өткен дзюдодан Үлкен Дулыға бойынша әлемдік додада Қытай құрамасы бір алтын және екі қола медаль жеңіп алды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 20 маусым

20 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай дзюдо қауымдастығының мәліметінше, 2023 жылғы дзюдодан Үлкен Дулыға бойынша әлем чемпионаты 18 маусымда Астанада (Қазақстан) аяқталды. Қытай құрамасы бір алтын және екі қола медаль жеңіп алды.

20 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 78 келі және одан жоғары салмақтағы әйелдер арасындағы жарыста Сю Шиъян финалда Голландиялық Кэмпсті жеңіп, Қытай құрамасы үшін алтын медаль жеңіп алды.

Қытайлық Су Син қола медаль үшін сайыста француз ойыншысын жеңіп, нәтижесінде қола медаль жеңіп алды.

Қытайлық Цай Ци 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін сайыста британдық қарсыласын жеңіп, үшінші орынға ие болды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото