Үрімжі халықаралық әуежайының жолаушылар ағыны 10 миллионнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 20 маусым

20 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қазіргі уақытта Шыңжаң туризмі, саудасы және коммерциялануы жолаушылар ағынының шыңын көрсетіп отыр. 2023 жылғы 19 маусымдағы жағдай бойынша Үрімжі халықаралық әуежайының жиынтық жолаушылар ағыны 10 миллион жолаушыдан асып, 10,082 миллион жолаушыға жетіп, 76 000 ұшақтың ұшып-қонуына кепілдік берілді.

Биылдың басынан 19 маусымға дейін Үрімжі халықаралық әуежайы орташа есеппен тәулігіне 455 ұшақтың ұшып-қонуын жалғастырып, күн сайын 60 000-ға жуық жолаушыны тасымалдады. Жазғы туристік кезеңге кіргеннен кейін жолаушылар ағыны 16 маусымда ұлғайып, 86 000 жолаушыны тасымалдады, ал ұшақтың қатынауы 17 маусымда шырқау шыңына жетіп, 536 ұшып-қонуға кепілдік берді.

Қазіргі уақытта Үрімжіден Бейжіңге, Чэндуға, Шанхайға, Сианьға, Ханчжоуға және басқа да танымал қалаларға бағыттар бойынша күніне 15-тен астам рейсті орындайды. Үрімжіден Қашғарға, Хотанға, Құлжаға және басқа қалаларға бағыттар күніне 8-ден астам рейс қатынайды. Сонымен қатар халықаралық әуе маршруттары да тұрақты түрде қалпына келтіріліп жатыр. 17 маусымдағы жағдай бойынша Үрімжі халықаралық әуежайы 74 000 халықаралық жолаушыға қызмет көрсетуді аяқтап, Ыстамбұл, Алматы, Душанбе және Тбилиси сияқты 13 қалада рейстерді қайта бастады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото