- Барлық ақпарат
Қытай Премьер-министрі Ли Цян Германияда «қауіпті азайту» туралы айтты
22 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 20 маусым күні түстен кейін Қытай Премьер-министрі Ли Цян Берлиндегі 11-інші Қытай-Германия экономикалық және технологиялық ынтымақтастық форумының жабылу салтанатында сөз сөйледі. Оның айтуынша, «қауіпті азайту» қазір өткір сөзге айналды. Қауіпті азайту деген сөз теріс емес, алайда «қауіпті азайтудың» атын жамылып, «жік салу» мен «тізбекті үзу» тәжірибесіне қарсымыз. Бұл ретте ресми өкіл Қытай-Герман ынтымақтастығының анықтамалық жобасы болып табылатын автомобиль өнеркәсібін мысалға келтірді.
Премьер-министр: «Ол кезде неміс көліктері Қытай нарығының алдыңғы қатарында болды. Тіпті олар кей жерлерде басымдыққа ие еді. Мен жергілікті орында ұзақ уақыт жұмыс істедім. Бөлімшеде негізінен неміс көліктері қолданылды. Шанхайда бес жыл қызмет еткендегі көлігім «Фольксваген» маркалы автомобиль болды. Мен оны ешқашан қауіпті деп ойлаған емеспін. Біз КТ және ЯМР тексерту үшін ауруханаға барамыз. Ондағы аспаптардың барлығы Siemens-дікі, біз онда тексерілу кезінде қауіпті деп сезінген емеспіз. Бұл құрылғылардың қауіптілігі туралы ой мазалаған емес. Қытай бұл мәселелер бойынша аталмыш «қауіпті азайту» дегенді ешқашан қолданған емес»-, деді.
people.cn © People's Daily Online