Дуаньу (Қияқ күріш) фестивалі кезінде ішкі туризмге сапар саны 100 миллионнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 25 маусым

25 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Мәдениет және туризм министрлігі 2023 жылы Дуаньу (Қияқ күріш) фестивалін өткізуге байланысты Мәдениет және туризм нарығындағы жағдай туралы 24 маусымда есеп жариялады. Мәдениет және туризм министрлігінің деректер орталығының кешенді есептеулеріне сәйкес, бүкіл ел бойынша ішкі туризм бойынша 106 миллион саяхат жасалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,3%-ға өсті. Сондай-ақ салыстырмалы көрсеткішке сәйкес қалпына келу мөлшері 2019 жылдың осы кезеңіннің 112,8% - ына жетті; ішкі туризмнен түсетін кірістер 37,31 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,5% - ға өсті. Сондай-ақ салыстырмалы көрсеткішке сәйкес қалпына келу мөлшері 2019 жылдың осы кезеңнің 94,9% - ына жетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото