Бес айда Қазақстан экономикасы 4,5 пайызға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 27 маусым

Осы жылдың қаңтар-мамырында Қазақстан экономикасы 4,5 пайызға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес, биылғы жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда Қазақстан экономикасы 4,5 пайызға өсті. Оның ішінде нақты сектордағы өсім – 3,6, ал қызмет көрсету саласында 4,9 пайызды құрады. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсімді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 17,2 пайызды құрады», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі.

«Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда және Қостанай облыстарында байқалды», – деді Әлібек Қуантыров.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото