Қытайда құрастырылған Airbus ұшақтары алғаш рет еуропалық тұтынушыларға жеткізілді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 28 маусым
Қытайда құрастырылған Airbus ұшақтары алғаш рет еуропалық тұтынушыларға жеткізілді

28 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Тяньцзинь қаласында Азиядағы бірден бір азаматтық Airbus құрастыру желісі 27 маусымда Венгрияның Wizz Air авиакомпаниясына A321neo ұшағын жеткізді. Бұл Қытайда құрастырылған Airbus ұшағының Еуропаға бірінші рет сатылуы.

A321neo ұшағының ерекшелігі шағын ұшақтың құнын жұмсап, кең ұшақтың сыйымдылығы мен қашықтығын атқара алады. Ұшаққа 244 жолаушы сияды.

Airbus Asia құрастыру желісі 2008 жылы Азия-Тынық мұхиты нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруды қолдау үшін пайдалануға берілді. Осы жылдың сәуір айында компания A320 сериялы ұшақтардың өндірістік қуатын кеңейтіп, әлем бойынша тұтынушыларға кеңірек қызмет көрсету үшін, Тяньцзиньде екінші өндіріс желісінің құратынын жариялады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото