Қытайлық ғалым Фу Цяомэй ЮНЕСКО-ның алғашқы Алефозан сыйлығын жеңіп алды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 28 маусым

28 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 19 маусым күні ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Қытай Ғылым Академиясының ежелгі омыртқалы жануарлар және ежелгі адамзат институтының ғылыми қызметкері Фу Цяомэй ғылым, технология, инженерия және математика саласындағы көрнекті жас ғалымдарға арналған ЮНЕСКО-Алефозан халықаралық сыйлығымен марапатталды.

Фу Цяомэй ұзақ уақыт бойы палеогенетикалық зерттеулермен айналысып, негізінен ежелгі DNA-мен байланысты адамның шығу тегі мен өзгеруінің маңызды ғылыми мәселелерін зерттеді. Халықаралық палеогенетика саласындағы жетекші ғалымдардың бірі ретінде Фу Цяомэй бүкіл әлем бойынша 2500 үміткердің ішінен сурылып шығып, бұл сыйлықты жеңіп алған алғашқы Қытай ғалымы атанды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото