Әлемдегі алғашқы 16 мегаватт теңіз жел турбинасының алғашқы қалағы орнатылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 28 маусым

28 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 27 маусымда таңертең әлемдегі алғашқы 16 мегаватт теңіз жел турбинасының бірінші қалағын орнату басталды. Қазіргі уақытта бірінші қалақ пен хаб сәтті қондырылды.

Бұл жолы орнатылған 16 мегаватт жел турбинасы Фудзянь жағалауында орналасқан. Қазіргі уақытта бұл пайдалануға берілген әлемдегі ең үлкен жел турбинасы саналады. Номиналды жұмыс жағдайында әр қондырғы бір айналымда шамамен 34 киловатт-сағат электр энергиясын өндіре алады, жылына орта есеппен 66 миллион киловатт-сағат таза электр энергиясын өндіреді. Бұл үш адамнан тұратын 36000 отбасының бір жыл ішіндегі қалыпты электр энергиясын тұтынуын қамтамасыз ете алады дегенді білдіреді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото