Си Цзиньпин: Дұрыс бағытты таңдап, бірлік пен өзара сенімді нығайтайық

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 шілде

4 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 4 шілде күні түстен кейін Бейжіңде бейнекөрсетілім арқылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 23-інші отырысына қатысып, маңызды сөз сөйледі.

Си Цзиньпин: «Біз стратегиялық коммуникациялар мен ынтымақтастықты нығайтуымыз керек. Келіспеушіліктерді өзара диалог арқылы болдырмауға тиістіміз. Ынтымақтастық арқылы бәсекелестікті еңсеруіміз қажет. Бір-біріміздің басты мүдделеріміз бен негізгі алаңдаушылықтарымызды шынайы құрметтеуіміз керек. Даму мен жандануға қол жеткізу жолында бір-бірімізге берік қолдау көрсетуге дайын болуға тиістіміз», - деп атап өтті. «Өңірдің ортақ және ұзақ мерзімді мүдделеріне сүйене отырып, біз сыртқы саясатты өзіміз дербес тұжырымдап, еліміздің дамуы мен болашағын өз қолымызда нық ұстауға тиіспіз»,- деді ҚХР төрағасы.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото