Си Цзиньпин: Прагматикалық ынтымақтастыққа назар аударып, экономиканы жандандыруды тездетейік

()2023 жыл 4 шілде

4 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 4 шілде күні түстен кейін Бейжіңде бейнекөрсетілім арқылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 23-інші отырысына қатысып, маңызды сөз сөйледі.

Си Цзиньпин экономикалық өсуге ықпал ету өңір елдерінің ортақ міндеті екенін атап өтті. Қытай жаһандық даму бастамаларын жүзеге асыру үшін барлық тараптармен ынтымақтасуға, экономикалық жаһанданудың оң бағытын ұстануға дайын. Протекционизмге және біржақты санкцияларға, Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасын жалпыландыруға қарсы тұрады. Сонымен қатар, «қабырға тұрғызып, кедергі жасауға» немесе «тізбекті үзіп, бөлек кетуге» де қарсы. Өзара тиімді ынтымақтастықтың «балкүлшесін» барынша жеткілікті әзірлеп, даму нәтижелерінің әлем халқына әділетті пайда әкелуінен үмітті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото