Си Цзиньпин: Бүкіл әлемнің игілігі үшін «Бір белдеу, бір жолдың» бақытқа бастайтын қадамын барынша нақты және баянды етейік

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 шілде

4 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 4 шілде күні түстен кейін Бейжіңде бейнекөрсетілім арқылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 23-інші отырысына қатысып, маңызды сөз сөйледі.

Си Цзиньпин былай деп атап өтті: ««Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысының жоғары сапалы дамуын нығайтып, жобаны елдердің ұлттық даму стратегияларымен және өңірлік ынтымақтастық бастамаларымен ұштастыруымыз керек. Сауда және инвестиция рәсімдерін еркін етуге және жеңілдетуге терең ықпал жасап,порт инфрақұрылымы мен өңірлік халықаралық логистикалық арналардың құрылысын жеделдету қажет. Аймақтық өндірістік жеткізу тізбегінің тұрақтылығы мен үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тиістіміз. Биыл менің «Бір белдеу, бір жол» бастамасын ұсынғаныма 10 жыл толады. Қытай «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығы бойынша жоғары деңгейдегі үшінші форум өткізеді. Барлық тараптарды форум іс-шараларына қатысуға және бүкіл әлемнің игілігі үшін бақытқа бастайтын кең және баянды жол салуға шақырамыз».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото