- Барлық ақпарат
Елдегі автокөліктердің жалпы саны 426 миллион
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 10 шілде
10 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінен алған мәліметінше, осы жылдың маусым айының соңында елдегі автокөліктердің саны 426 миллионға жеткен. Оның ішінде 328 миллион жеңіл автомобиль мен 16,2 миллион жаңа энергетикалық көліктер бар. Елімізде 513 миллион автокөлік жүргізушісі болса, оның 475 миллионы жеңіл автокөлік иелері. Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша 88 қаланың көлік саны 1 миллионнан жоғары. Оның ішінде Бейжің мен Чэнду сияқты 24 қалада көлік саны 3 миллионнан асқан.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online