- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин Ш.Мирзиеевті Өзбекстан Президенті болып сайлануымен құттықтады
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 11 шілде
11 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 10 шілдеде Ш.Мирзиеевке қоңырау шалып, оны Өзбекстан Президенті болып сайлануымен құттықтады.
Си Цзиньпин соңғы жылдары өзара бірлескен басшылықтың арқасында Қытай-Өзбекстан қатынастары қарқынды дамуға қол жеткізгенін және әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтың жан-жақты нығайғанын атап өтті. Төраға «Мен өзара орныққан қызметтік қарым-қатынас пен жеке достықты бағалаймын. Сізбен Қытай-Өзбекстан жан-жақты стратегиялық серіктестіктің тұрақты дамуына ықпал етіп, тағдыры ортақ Қытай-Өзбекстан қауымдастығының құрылысына жаңа серпін беру үшін жұмыс істеуге дайынмын», - деді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online