2023 батыс бөліктегі дайын тағам көрмесі Чунцинде ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 11 шілде

11 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 11-13 шілдеде Чунциннің Лянпин аумағында батыс бөлектегі дайын тағамдардың 2023 жылғы көрмесі өз жұмысын бастады.

Көрмеге Бейжің, Гуандун, Гуанси, Цзянси, Фуцзянь және басқа да аймақтардан 130-дан астам экспонанттар қойылды. Олардың ішінде дайын тағамдарды өндірудің жаңа технологиялары (балғын күйде сақтау, мұздату), жабдықтар, орау, дизайн, өнімдер, электрондық коммерция, шикізат және басқа да форматтар бар. Сол сияқты жетекші ұлттық кәсіпорындар, дайын шикізатты өндіру және жабдықты үлестіру бойынша кәсіпорындар қамтылған. Көрмеге 1000-ға жуық тауар санаты ұсынылды.

Іс-шара өту кезінде онлайн «Халық Газеті» партия комитеті хатшысының орынбасары Чжан Фэн «Дайын тағамдарды индустриясының дамуы туралы есепті» және «Елдегі дайын тағамдар саласындағы инновациялар мен дамудың өңірлік он көрнекті мысалын» жариялады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото