Биылғы тұңғыш тоңазытқыш тізбегі бар Қытай-Еуропа пойызы Чэндуға келді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 12 шілде

12 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 10 шілдеде Ресейдің Мәскеу қаласынан жөнелтілген биылғы тұңғыш тоңазытқыш тізбегі бар Қытай-Еуропа пойызы Чэнду қаласына келді. Бұл арнайы пойыз бүкіл сапар бойы тоңазытқыш тізбегі арқылы тасымалдау режимін пайдаланады. Оған 31 сандық ет тиелген, импортталған ет салмағы шамамен 830 тоннаға жетеді. Ол небәрі 15 күнде бүкіл жолды басып өтті. Бұл - эпидемиядан кейін тоңазытқыш тізбегінің импорты қайта басталғаннан бері елдегі алғашқы тоңазытқыш тізбегі бар Қытай-Еуропа пойызы.

Көлік ынтымақтастығына қатысатын Ресейдің жауапты тұлғасы: «біз мұздатылған сиыр еті, балмұздақ пен басқа да тауарларды тасымалдаймыз. Бұрын жүктерді теңіз және теміржол көлігімен тасымалдауға 50-ден 60 күнге дейін уақыт кететін еді. Қазір тек15 күн ғана қажет. Теміржолдың бүкіл тоңазытқыш тізбегі ыңғайлы, тұрақты және қауіпсіз болады», - деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото