Бірінші жартыжылдықта 2 миллионнан астам көлік экспортталды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 12 шілде

12 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 11 шілде күні тілші Қытайдың автомобиль өнеркәсібі қауымдастығынан Қытайдан автомобиль экспорты жоғары қарқынмен өсіп келе жатқанын білді. Биылдың бірінші жартыжылдығында автомобиль компаниялары 2,14 миллион автомобиль экспорттады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 75,7%-ға өсті.

Деректер көрсеткендей, Қытай осы жылдың бірінші тоқсанында 1,07 миллион автомобиль экспорттады, бұл бір тоқсанда бірінші рет әлемдік көшбасшы болды. Қаңтардан мамырға дейін Қытай жалпы саны 1,933 миллион автомобиль экспорттап, жетекші орынды иеленді.

Жаңа энергетикалық көліктер экспорттың жаңа түйініне айналды. Бірінші жартыжылдықта 1,78 миллион жеңіл автокөлік экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 88,4%-ға өсті. Ал коммерциялық көліктерден 361 000 экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,9%-ға өсті. Жаңа энергетикалық көліктен 534 000 экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе артқан.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото