Қытайдың сағатына 350 шақырым жол жүретін жүрдек пойызының өндірістік желісін көріңіз

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 12 шілде

12 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайда жүрдек пойызға мінген кезде, сіз CRRC Changchun Railway Vehicles Co., Ltd жасаған пойызға отыруыңыз мүмкін. Бұл компания Цзилинь өлкесі Чанчунь қаласында орналасқан.

Қытайдың теміржол көлігі мен жүрдек пойыздарының бесігі саналатын CRRC Changchun Railway Vehicles Co., Ltd шығаратын жоғары жылдамдықты теміржолдар елдегі өндірістің 40%-ын құрайды. «Біз алғаш рет GoA2 деңгейіндегі басқарылатын автономды жүргізу технологиясымен сағатына 350 шақырымды құрайтын жылдамдыққа жетіп, әлем тарихындағы осы саладағы техникалық ақтаңдақтың орнын толтырады», - деп таныстырды аталмыш компанияның аға инженері Дон Сюэянь.

Биыл «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы бастамасына он жыл толады. CRRC Changchun Railway Vehicles Co., Ltd өнімдері Америка Құрама Штаттары, Австралия, Бразилия, Израиль және Сауд Арабиясы сияқты 20-дан астам ел мен аймақтарға экспортталады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото