Бірінші жартыжылдықта импорт пен экспорттың көлемі алғаш рет 20 трлн юаньнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 14 шілде

14 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Кеденінің статистикасына сәйкес, бірінші жартыжылдықта Қытай сауда тауарларының импорты мен экспортының жалпы құны 20,1 трлн юаньды құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 2,1%-ға өсті. Ал Қытайдың сыртқы сауда импорты мен экспортының ауқымы тарихтағы осы мезгілде алғаш рет 20 трлн юаньнан асты. Олардың ішінде экспорт 11,46 трлн юаньды құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 3,7%-ға көтерілді.

Бірінші жартыжылдықта Қытайдың АСЕАН еліне, Латын Америкасына, Африкаға және Орталық Азияның бес еліне импорты мен экспортының ауқымы сәйкес мезгілмен салыстырғанда 5,4%, 7%, 10,5%, 35,6%-ға өсті. Барлығы да сәйкес мезгілдегі импорт пен экспорттың өсу қарқынынан асып түсті.

Бірінші жартыжылдықта Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бойында орналасқан елдерге импорты мен экспортының өсу қарқыны екі орынға жақындады. Бұл импорт пен экспорттың жалпы құнының 34,3%-ы; Сол кезеңде Латын Америкасы мен Африка сияқты дамушы нарықтар сәйкесінше 7% және 10,5% өсті, ал халықаралық нарық одан сайын толысты. Еркін сауда порты сынақ аймағы мен Хайнань пилоттық еркін сауда аймағы импорты мен экспорты сәйкесінше 8,6% және 26,4% өсіп, ашық платформаның рөлі айқын болды. Электромобильдер, литий батареялары және күн батареялары экспортының жалпы көлемі 61,6%-ға өсті, бұл экспорттың жалпы 1,8 пайыздық тармаққа өсуіне әкелді және жасыл индустрия қарқынды дами түсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото