Бірінші жартыжылдықта Қытайдың ЖІӨ 5,5%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 18 шілде

18 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық статистика бюросы 17 шілде күні мәліметтер жариялады. Мәліметтегі алдын ала есептеулер көрсеткендей, бірінші жартыжылдықта жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 59 303,4 миллиард юаньды құрап, тұрақты бағада сәйкес мезгілмен салыстырғанда 5,5%-ға өскен. Бұл көрсеткіш бірінші тоқсанмен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа артқан.

Ұлттық статистика бюросының өкілі Фу Линхуэй сол күні өткен баспасөз мәслихатында тоқсандық ақпараттар бойынша, бірінші тоқсанда ЖІӨ сәйкес мезгілмен алғанда 4,5%-ға, екінші тоқсанда 6,3%-ға өскенін айтты. Салыстыру кезінде ЖІӨ екінші тоқсанда 0,8%-ға жоғарылағаны байқалған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото