Си Цзиньпин 1 тамыз қарсаңында Батыс соғыс аймағындағы әуе күштерін тексерді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 1 тамыз

1 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 1 тамыздағы Армия күніне орай Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы және Орталық әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин 26 шілдеде Батыс соғыс аймағындағы әуе күштерін тексерді. Партияның Орталық Комитеті мен Орталық әскери комитет атынан төраға Батыс соғыс аймағындағы барлық әскери-әуе күштерінің офицерлері мен сарбаздарына ықыласты сәлем жолдады. Сонымен қатар Халық -азаттық армиясының қолбасшыларына, қарулы полиция күштерінің, әскери азаматтық және милицияның резервтік қызметкерлерінің барлық командирлеріне мерекелік құттықтауын жеткізді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото