Универсиада-2023: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 2 тамыз

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан 2023 жылғы жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алтын жүлдені таэквондошы Рита Бакишева алды. 46 келі салмақта бақ сынаған Қазақстандық ойыншы финалда Қытайдың Тайбейінен келген Хуан Инсуаньді жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының Универсиададағы медальдер саны 11-ге жетті. ҚР студенттер құрамасының қоржынында бір «алтыннан» басқа бес күміс және қола медаль бар.

Айта кетейік, 2023 жылғы Универсиада 8 тамызға дейін жалғасады, Қазақстан спорттың он түрінен өнер көрсетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото