Қазақстандық билік өкілі: Қытай-Қазақстан спорттық ынтымақтастығының болашағы зор

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 2 тамыз

2 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 31-ші Дүниежүзілік жазғы Универсиаданың іс-шаралары қызу жүріп жатыр. Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек CMG-ге берген сұхбатында Универсиаданың ашылу салтанатына куә болғанын, ашылу салтанатында да, іс-шараға дайындық кезінде де Қытай өте жоғары деңгей көрсеткенін айтты..

Оның айтуынша, Чэнду Универсиадасының ашылу салтанаты өте ерекше болды. Бір сөзбен айтқанда «таңқаларлық», сондай-ақ ол Қытай мәдениетінің элементтеріне толы. Бұл тек спорттық іс-шара ғана емес, сонымен қатар өмірге әсер етуі мүмкін маңызды оқиға. Бұдан Қытайдың спорт, жастар, мәдениет және келесі ұрпақ істеріне баса назар аударатынын көруге болады.

Қазақстан Универсиадаға жалпы 90 спортшыны жіберді, олар 11 түрлі жарыста бақ сынайды. Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі жарысқа қатысатын студенттерді дайындауға және ұйымдастыруға жауапты. Нұрбек қазақстандық команданың қызметкерлерімен күн сайын сөйлесетінін айтты. Қатысушы спортшылар оған Қытай тарапының ыстық ықыласы өздерін үйде жүргендей еркін сезіндіргенін және Чэндудың спорт және қалалық инфрақұрылымының деңгейі ерекше таң қалдыратынын айтқан.

Нұрбектың айтуынша, Достық көрші ел ретінде, Қазақстан мен Қытай спорттық дайындық, спорттық медицина және спорттық менеджмент саласында белсенді ынтымақтастық жүріліп жатыр, ол екі тарап арасындағы ынтымақтастықтың болашағына ерекше сеніммен қарайды.

Ол Қытай мен Қазақстанның спорт саласындағы, әсіресе спорттық медицина, спорттық менеджмент және жаттығу салаларындағы ынтымақтастығы үшін жарқын болашақ бар екенін айтты. «Сонымен қатар, біздің спортшылар Қытайдағы жоғары деңгейдегі төрешілер жүйесі жарыстың әділдігі мен сапасына байланысты екенін бірнеше рет атап өтті. Біз сондай-ақ осы салада Қытаймен ынтымақтастыққа үміттенеміз»,-деді Қазақстандық билік өкілі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото