Бірінші жартыжылдықта өнеркәсіптік роботтар өндірісі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,4% - ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 тамыз

3 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бірнеше күн бұрын тілшінің 2023 жылғы Дүниежүзілік робототехника конференциясының баспасөз мәслихатынан алған ақпаратына сәйкес, осы жылдың бірінші жартыжылдығында Қытайдың робототехника өнеркәсібі тұрақты өсу тенденциясын сақтаған. Өнеркәсіптік роботтар өндірісі 222 000 жиынтыққа жетіп, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,4% - ға ұлғайған. Ал сервистік роботтар өндірісі 3,53 миллион жиынтыққа жетіп, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9,6% - ға артқан.

Қазіргі уақытта қытайлық робототехника өнеркәсібінің озық технологиялары қарқынды дамуда. 2022 жылы Қытайдың сала өнеркәсібінің операциялық кірісі 170 миллиард юаньнан асқан. Ал өнеркәсіптік роботтарды өндіру 443 000 жиынтыққа жетіп, қызметтік роботтарды өндіру 6,458 миллион бірлікті құраған. Бұл нәтижелер өнеркәсіптік қызметтің тұрақты жақсарып келетіндігін байқатады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото