Шілдеде жаңа энергетикалық көліктердің сатылымы 31,6%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 11 тамыз

11 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 10 тамызда Қытайдың автомобиль өнеркәсібі қауымдастығы жариялаған деректер осы шілдеде Қытайда жаңа энергетикалық көліктердің өндірісі мен сатылымы сәйкесінше 805 000 және 780 000 бірлікті құрап, сәйкесінше 30,6% және 31,6%-ға өсіп, нарық үлесі 32,7%-ға жеткенін көрсетеді. Қаңтардан шілдеге дейін жаңа энергетикалық автомобильдерді өндіру және сату тиісінше 4,591 млн және 4,526 млн құрады, былтырғы сәйкесті кезеңмен салыстырғанда тиісінше 40%-ға және 41,7%-ға ұлғайып, нарық үлесі 29%-ға жетті.

Шілдеде ішкі нарықта жаңа энергетикалық автомобильдердің сатылымы 679 000 болды, өткен айдағыдан 6,9%-ға төмендеп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсті; жаңа энергетикалық автомобильдердің экспорты 101 000 құрады, өткен айдағыдан 29,5%-ға өсті және өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 87%-ға өсті. Қаңтардан шілдеге дейін ішкі нарықта жаңа энергетикалық автомобильдердің сатылымы 3,89 млн құрады, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 32,5%-ға ұлғайды; жаңа энергетикалық автомобильдердің экспорты 636 000 құрады, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге артты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,张悦)

Фото