Қытай-Қазақстан энергетикалық ынтымақтастығы көпшілікке пайда әкелді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 17 тамыз

17 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2013 жылдың қыркүйегінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанда «Жібек жолының экономикалық белдеуін» бірлесіп салу бастамасын көтеріп, Қытай мен Қазақстан арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық қарқынын жеделдетті. Соңғы 10 жылда Ақтөбедегі PetroChina (Қазақстан) «Белдеу мен жолды» бірлесіп салудың тамаша мүмкіндігіне сүйеніп,сатып алған кездегі қарызы көп және бір ғана бизнесі бар мұнай өндіруші кәсіпорыннан, Қазақстандағы кешенді мұнай-газ компаниясына айналды.

20 жылдан астам уақыт ішінде жоба 150 миллион тоннаға жуық мұнай мен 80 миллиард текше метрден астам табиғи газ өндірді. Ақтөбедегі жобаның бас менеджері Ли Шуфэн қазіргі уақытта компания Қазақстандағы мұнай өндіру бойынша алтыншы ірі кәсіпорын болып табылатынын айтты. Ал Ақтөбе облысы шикі мұнай өндіру бойынша 60%, табиғи газ өндіру бойынша 75%-дық үлесті құрайды. Қазақстанда мұнай мен газды өндіру көлемі бастапқы 3 миллион тонна шикі мұнайды жылдық өндіруден, қазіргі таңда жылына 30 миллион тонна мұнай мен газ өндіруге дейін ұлғайды. Осылайша тікелей немесе жанама түрде 20 000-ға жуық жергілікті жұмыс орнын ашты.

Қазақстандағы Еуразия халықаралық зерттеу қауымдастығы Азиялық зерттеу жобасының жетекшісі Антон Бугаенко аталмыш өндіріс Ақтөбе облысындағы ең маңызды компаниялардың бірі екенін айтты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото