Қорғас порты: Батыс бағытында ірі халықаралық логистикалық канал ашу құрылысы жеделдеді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 18 тамыз

18 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тамыз айында Қорғас теміржол порты тоқтаусыз жұмыс үстінде болды. Күн сайын 20-дан астам Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздары жүйіткіп, «Қытайда жасалған» өнімдерді Орталық Азия мен Еуропа нарығына үздіксіз жеткізеді.

Қорғас Жібек жолы экономикалық белдеуінің өзегінде орналасқан маңызды нүкте бола отырып, Қытайдың батысқа ірі халықаралық логистикалық арнаны ашу құрылысын жеделдетті.

Қорғас станциясындағы жүк тиеуге жауапты жұмыскер Хамит Тұрғанұлы Қазақстанның темір жолы кең рельсті, ал Қытайдың темір жолы квази рельсті. Елге кіретін пойыздар трансфер станциясында ауыстырылатындығын айтты. «Бастапқыда күніне 1-2 пойыздың жүгі ауыстырылатын. Қазір күніне 8-10 пойыз ауыстырылып үлгереді»,-деп таныстырды Хамит.

«Қытай-Еуропа пойыздарының тасымалына жоғары сұранысты ескере отырып, теміржол басқармасы 2020 жылы Порт станциясын кеңейтіп, қызмет көрсету икемділігін арттырды. Осылайша теміржол тасымалын өткізу қабілеті 30%-дан астамға өсті». Қорғас станциясындағы қауіпсіз өндіріске жетекшілік ету орталығының диспетчері Фэн Шаньтао осы жылдың наурыз айынан бастап Қорғас станциясы арқылы өтетін пойыздардың ай сайынғы саны 600-ден астамға көтерілгенін жеткізді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото