Алғашқы жеті айда Қытайдың шетелдік инвестициялары сәйкес мезгілмен салыстырғанда 18,1%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 18 тамыз

18 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 17 тамыз күні Сауда министрлігі жариялаған деректер Қытайдың шетелдік инвестициялары осы жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін үздіксіз өскенін көрсетті. Тікелей шетелдік қаржылық емес инвестициялар 500,94 миллиард юаньды құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 18,1% - ға өсті. Қытайлық компаниялар «Бір белдеу, бір жол» бойында орналасқан елдердегі тікелей қаржылық емес инвестицияларға 95,34 миллиард юань салды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,2%-ға жоғарылап, сол кезеңдегі жалпы көлемнің 19%-ын құрайды.

Сауда министрлігінің бір уақытта жариялаған басқа деректері осы жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін аяқталған шетелдік келісімшарттар жобаларының айналымы 563,76 миллиард юаньды құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 6,3%-ға өскенін көрсетеді. Жаңадан қол қойылған келісімшарттардың сомасы 746,36 миллиард юаньды құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 0,6% - ға өскен. «Бір белдеу, бір жол» бойында орналасқан елдердегі келісімшарттық жобалар бойынша қытайлық кәсіпорындардың қаржылық айналымы 312 миллиард юаньға жетті. Ал жаңадан қол қойылған келісімшарттардың сомасы 367,23 миллиард юаньды құрады. Бұл сәйкесінше сол кезеңдегі жалпы көлемнің 55,3% және 49,2%-ын құрайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото