Алдыңғы жеті айда Қытайдың БРИКС елдеріне импорты мен экспорты 19,1%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 22 тамыз

22 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- БРИКС құрылған сәттен бастап ынтымақтастық механизмі экономика және сауда саласындағы прагматикалық ынтымақтастықты үнемі тереңдетіп отырды. Кедендік статистикаға сәйкес, биылдың алғашқы жеті айында Қытайдың БРИКС-тің басқа елдеріне импорты мен экспорты 2,38 трлн юаньға жетіп, былтырдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 19,1%-ға өсті, бұл Қытайдың сыртқы сауда импорты мен экспортының жалпы көлемінің 10,1%-ын құрап, 1,6 пайыздық тармаққа өсті; олардың ішінде экспорт 1,23 трлн юаньды құрап, 23,9%-ға артты; импорт 1,15 трлн юаньды құрап, 14,3%-ға өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото