«Бір белдеу, бір жол» әлемдік экономикалық өсудің маңызды қозғалтқышына айналды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 23 тамыз

23 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайлық және шетелдік сарапшылар «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы танымал халықаралық қоғамдық өнімге және халықаралық ынтымақтастық платформасына, сондай-ақ әлемдік экономикалық өсуге жәрдемдесудің маңызды қозғалтқышына айналды деп санайды.

17 тамызда Бейжіңде ««Бір белдеу, бір жол» бастамасының он жылы: прогресс және перспективалар» тақырыбында халықаралық семинар және ««Бір белдеу, бір жолдың» он жылдық жауап парағы» кітабының бірлескен басылымына арналған баспасөз конференциясы өтті. Қытай, Сербия, Босния-Герцеговина және Қырғызстан сарапшылары аталған кездесуге қатысты.

««Бір белдеу, бір жолдың» он жылдық жауап парағы» кітабы қытай, ағылшын, француз, испан, араб, орыс, португал, неміс және жапон сияқты 9 тілде жарық көрді. Кітап «Бір белдеу, бір жолдың» соңғы он жылда әлемге әкелген өзгерістерін қарастырады, құрылыс тарихын және онымен байланысты жетістіктерді зерделейді, «Бір белдеу, бір жолдың» болашақ даму бағытын болжайды.

Қытай Халықтық дипломатиялық қауымдастығының вице-президенті Ши Лин соңғы он жыл ішінде барлық тараптардың бірлескен күш-жігерінің арқасында «Бір белдеу, бір жол» құрылысы тұжырымдамадан іс-әрекетке, көзқарастан шындыққа айналды және танымал халықаралық қоғамдық өнімге айналды деп санайды. «Бір белдеу, бір жол» бойында орналасқан елдер үшін мүмкіндіктер мен өркендеудің ортақ жолын құратын ынтымақтастық платформасы болды.

Қытай Жэньмин университеті Чуньян қаржы институтының ғылыми қызметкері Лю Иннің айтуынша, «Бір белдеу, бір жол» бастамасының бірлескен құрылысы әлемдік экономикалық өсуге жәрдемдесетін маңызды қозғалтқышқа айналды, экономикалық өсу үшін жаңа кеңістік ашты, сондай-ақ жаһандық басқару үшін маңызды ынтымақтастық платформасына айналды.

Деректер көрсеткенде, осы жылдың алғашқы жеті айында Қытайдың импорттық және экспорттық тауарларының жалпы саудасы 23,55 трлн юаньды құрап,өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға артты. Сәйкесті кезеңде Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бойында орналасқан елдерге импорты мен экспортының жалпы көлемі 8,06 трлн юаньды құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 7,4% - ға өсті.

«Бұл 7 пайыздық айырмашылық «Бір белдеу, бір жол» бастамасынан туындаған қарқынды дамудың әсері деп атауға болады»,-дейді Сауда министрлігі ғылыми-зерттеу институтының ғылыми дәреже комитетінің мүшесі Бай Мин. ««Бір белдеу, бір жол» бастамасы Қытайдың жеке шоуы емес, көпшіліктің хоры. Біге ақылдасу, бірлесіп салу және ортақ бөлісу принципінің арқасында тіпті де көп игіліктер болады»,-дейді ол.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото