Си Цзиньпин: Адамзат тарихы бір өркениет пен бір жүйеде аяқталмайды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 24 тамыз

24 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин сәрсенбі күні Йоханнесбургте «Адамзат тарихы бір өркениет пен бір жүйеде аяқталмайды»-, деп баса айтты.

БРИКС елдері көшбасшыларының он бесінші кездесуінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин өркениеттің сан-салалы және даму жолдарының әр тарапты екенін атап өтті. Әлем осындай болу керек. БРИКС елдері теңіз барлық өзенді сыйдыра алады дейтін рухты дәріптеуі тиіс. Әртүрлі өркениеттің бейбіт және үйлесімді өмір сүруін жақтап, әлем елдерінің дербес таңдаған модернизация бағытын құрметтеп, идеологиялық, институционалдық келіспеушілікке және «өркениеттер қақтығысына» қарсы тұруы керек.

Си Цзиньпин өз сөзінде Қытай БРИКС елдеріне білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, кәсіптік білім беру альянсының рөлін толық пайдалану, цифрлық білім беру саласындағы ынтымақтастық тетігін құру мүмкіндігін жете зерттеу қажеттігін жеткізді. Сол сияқты көрнекті дәстүрлі мәдениет мұрагерлігі мен инновацияны ілгерілету үшін халықтық мәдени алмасуларды нығайтуды ұсынды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото