2023 (Қытай) Азия-Еуропа тауар жәрмеңкесі жалпы сомасы 500 миллиард юаньнан асатын келісімшарттарға қол қойды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 24 тамыз

24 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 23 тамыз күні Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионының Үрімжі қаласында өткен баспасөз мәслихатында автономиялық регионның сауда департаментінің директоры Син Тао 4600 онлайн және 1300-ден астам офлайн компания қатысқан Азия-Еуропа тауар жәрмеңкесінде (Қытай) экологиялық таза тау-кен, астық және май, мақта, тоқыма және тігін өнеркәсібін ілгерілету жөніндегі 64 сауда іс-шарасы өткізілгенін хабарлады. Сондай-ақ жалпы сомасы 521,037 млрд юань болатын 360 экономикалық және сауда ынтымақтастық жобасына қол қойылыпты.

Биыл тауар жәрмеңкесі көрмеге қатысатын 18 700 кәсіпорынды тартты, ал жәрмеңкеге қатысу ауқымы алдыңғы барлық іскерлік жәрмеңкелердің ішінде ең көлемдісі болды. Көрмеге Азия, Еуропа, Африка және Америка сияқты 40 ел мен аймақтан және 7 халықаралық ұйымнан 800-ден астам қонақ, іскер адамдар және танымал ғалымдар, сондай-ақ 1000-нан астам халықаралық саудагер қатысты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото