Ли Цян АҚШ Cауда министрі Джина Раймондомен кездесті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 30 тамыз

30 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьер-министрі Ли Цян 29 тамыз күні түстен кейін Халық құрылтайы сарайында АҚШ Сауда министрі Джина Раймондомен кездесті.

Ли Цян сау және тұрақты Қытай-Америка қарым-қатынасы екі елге ғана емес, бүкіл әлемге пайдалы екенін айтты. Өткен жылы Төраға Си Цзиньпин мен Президент Джо Байден Индонезияның Бали қаласында кездесіп, Қытай-Америка қатынастарына жол ашатын бірқатар маңызды келісімдерге оңтайлы қол жеткізді. Жақында Америка Құрама Штаттары екі елдің мемлекет басшыларының Бали кездесуі белгілеген күн тәртібіне қайта оралуға дайын екенін бірнеше рет мәлімдеді және Қытай мұны құптайды. Өзара сыйластық, бейбіт қатар өмір сүру және ынтымақтастықпен тең ұтысқа жету - Қытай мен Америка Құрама Штаттары арасындағы байланыстың дұрыс жолы. Қытай мен АҚШ қарым-қатынасын сақтау және дамыту үшін прагматикалық және тиімді шаралар қабылдап, АҚШ тарапы Қытай тарапымен бірлесіп жұмыс істеуін күтетінін жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото