Әлемдегі алғашқы 100% жаңа энергетикалық электр жүйесіндегі қаланың сынақ жұмысы тұрақты жүріп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 31 тамыз

31 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 28 тамызға дейінгі жағдай бойынша Хубэй өлкесінің Гуаншуй қаласында 100% жел және күн энергиясын пайдаланатын жаңа энергетикалық электр жүйесі 241 күн бойы тұрақты жұмыс істеді.

Қытайдың Мемлекеттік желілік корпорациясының ең үздік он ғылыми-техникалық демонстрациялық жобаларының бірі ретінде Гуаншуй қаласында әлемдегі алғашқы округ деңгейіндегі 100% жаңа энергетикалық жүйе енгізілді. Ол Гуаншуйде 200 000-нан астам адамды 100% жаңа тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ете алады. Бұл жаңа типтегі электр желісі - негізгі қуат көзі ретінде жаңа энергияны пайдаланатын, ірі электр жүйелерімен икемді байланысатын, бастапқы желідегі жүктеме жинақтағыштарымен бірлесіп жұмыс істейтін және болашаққа бағытталған электр желісінің жаңа түрі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото