Алғашқы «Лючжоу-Ташкент» Орталық Азия пойызы жолға шықты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 1 қыркүйек

1 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 30 тамыз күні 261 коммерциялық көлікті тасымалдайтын Орталық Азия пойызы Гуанси Чжуан автономиялық регионы Лучжоу қаласынан жолға шықты. Пойыз Шыңжаңдағы Қорғас порты арқылы елден шығып, Өзбекстанның астанасы Ташкентке тікелей барады.

Лючжоу-автомобиль бөлшектерін өндірудің және автомобильдер мен олардың құрамдас бөліктерін экспорттаудың ұлттық базасы. Сол сияқты жылдық өндірістік қуаты 2,5 миллионнан асатын автомобиль өнеркәсібінің ұлттық демонстрациялық базасы. Соңғы жылдары Наньнин мемлекеттік теміржол бюросы тасымалдауды ұйымдастыруды үнемі оңтайландырып отырды. Қытай-Еуропа (Азия) арасындағы «Наньнин-Мәскеу», «Наньнин-Алматы», «Лючжоу-Мәскеу», «Лючжоу-Алматы» және «Наньнин-Ташкент» сияқты тауар саудасы мен тасымалдаудың бес негізгі трансшекаралық арналарын дәйекті түрде ашты. Бұл бағыт Гуансидің автомобильдерін, ауыр техника өнімдерін, азық-түлік және т.б. тауарларды Еуропа мен Орталық Азия елдеріне экспорттауға көмектесті.

Пойыз бағытының сәтті жұмыс істеуі трансшекаралық сауда тауарларын Гуансиден шығатын Қытай-Еуропа (Азия) бағытындағы тасымалдау арнасының 6-ға дейін көбейгенін білдіреді. SGMW-жауапты тұлғаның айтуынша, 2023 жылы SGMW барлығы 114 000 көлік экспорттап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 25%-ға өскен. Осылайша жаңа энергетикалық көліктер экспорттың негізгі өсу нүктесіне айналған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото