Қытайда айға адам алып ұшу миссиясы іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 1 қыркүйек

1 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың басқарылатын астронавтика кеңсесі 31 тамызда Қытайдың айды зерттеу жобасының бір бөлігі ретінде Айға адам алып ұшу миссиясы толығымен іске қосылғанын жариялады. Осыған сәйкес әр тарапты зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгіннен 30 қыркүйекке дейін басқарылатын жаңа буын ғарыш аппараттары мен басқарылатын ай модулінің атаулары көпшілікке жарияланады.

Жоспарға сәйкес, еліміз 2030 жылға қарай Қытай азаматының алғаш айға қонуын жүзеге асырады. Сондай-ақ айды зерттеу ғылыми экспедициялары мен техникалық сынақтарды ұйымдастырады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото