- Барлық ақпарат
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады
2023 жылғы 01 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады,-деп хабарлайды akorda.kz.
ҚР Мемлекет басшысы, ең алдымен, былтырдан бері жүргізілген ауқымды саяси реформаларға тоқталып, Қазақстанда «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орныққанын, адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалып, әділдік пен заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.
Сонымен қатар ҚР Президенті нағыз дамыған ел болу үшін, саяси реформалармен шектеліп қалуға болмайтынына назар аударып, осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет екенін айтты.
ҚР Мемлекет басшысы Жолдауда өңдеуші және тау-кен өнеркәсібі, қорғаныс-өнеркәсіп кешені, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік-логистика, қаржы, IT және цифрландыру, су ресурстары, креативті индустрияны дамыту, шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін қолдау жөнінде Үкіметке нақты міндеттер жүктеді. Сондай-ақ мемлекеттің экономикаға ықпалын азайтуға, экономиканы монополиядан арылтуға, макроэкономикалық саясатты қайта қарауға, салық, бюджет саясатын және әкімшілік басқару жүйесін реформалауға қатысты бірқатар маңызды бастама көтерді.
people.cn © People's Daily Online